«Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 11 шілдедегі № 171-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2026 жылғы 14 қазандағы № 330-НҚ бұйрығы

«Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 11 шілдедегі № 171-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2026 жылғы 14 қазандағы № 330-НҚ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 11 шілдедегі № 171-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36443 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларында:

4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Ортақ су пайдалану кезінде су объектілерін пайдалану су объектісін пайдалану құқығының ажырамас бөлігі болып табылатын қауымдық су сервитуты шеңберінде жүзеге асырылады.

5. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жеке тұлғалардың ортақ су пайдалану құқығын жүзеге асыру мақсатында:

1) су объектілеріне кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз етеді;

2) су объектілерінде жаппай демалуға, туризм мен спортқа арналған орындарды белгілейді;

3) әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру үшін балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің және іргелес жағалау белдеуінің учаскелерін айқындайды;

4) тиісті өңірдің аумағында орналасқан су объектілерінде суға түсуге және шағын көлемді кемелерді пайдалануға тыйым салынатын орындарды айқындайды;

5) халыққа ортақ су пайдалану бойынша орнатылған шектеулер мен тыйымдар туралы хабарлауды қамтамасыз етеді.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулау жеке және (немесе) заңды тұлғаларға, аталмыш су объектісінде көл-тауар шаруашылығын жүргізу құқығы берілген тұлғаларға ұйымдастырылады.»;

10-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.